Приглашаем вас в мир детства, где каждый ребёнок погружается в атмосферу тепла, заботы и внимания!

 

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Астана – 2017

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

Халықты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелері туралы уақтылы әрі кешенді хабардар ету мақсатында халықпен түсіндіру жұмысын жүргізген кезде мынадай маңызды сәттерге көңіл аударған жөн:

  • аудиторияны белгіленген қоғамдық са­наны жаңғыртудың Қазақстанның жаңғыру процестерінің, атап айтқанда, саяси ре­формалау мен экономиканы жаңғыртудың қисынды жалғасы екеніне бағдарлау қажет. Бұл ретте мәлімделген жаңғыртушылық түрленулердің айқын мақсаттары, басымдықтары, қол жеткізу әдістері бар.
  • Қоғамдық сананы жаңғырту ұзақ мерзімді сипатқа ие және Қазақстанның мәдени және рухани мұрасын сақтау және ілгерілету саласында іске асырылған «Мәдени мұра» («Культурное наследие», 2004) және «Халық тарих толқынында» («Народ в потоке истории», 2013) ірі бағдарламаларына негізделген.
  • Қазіргі заманғы социумда қоғамдық сананы жаңғыртуға сұранымы ортақ әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың қазіргі заманның қарқынды

 

5

өзгермелі шарттарына сәтті бейімделу қажеттілігіне тікелей байланысты.

ü Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, құндылықтарымен және перспективаларымен тығыз астасады және өзіне мәдениетті, мінез-құлық практика­сын, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, ғылымды, адамгершілік императивтерін қамтитын рухани негізге сүйенеді.

ü ХХІ ғасырдағы ұлттық өзіндік са­наны жаңғыртудың маңызды бағыты жеке деңгейде де, қоғамдық деңгейде де бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы болып табылады.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, негізгі назарды мына сәттерге аударған жөн:

  • Мақсатты аудитория алдында сөз сөйлей отырып, қоғамдық сананы жаңғырту нақ қазір ерекше маңызға және өзектілікке ие болып отырғанын атап өту маңызды, өйткені қазіргі әлем барған сайын өзгере түсуде. Жаһандану процестері стандартты емес, күтпеген сын-қатерлерді қалыптастыруда, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану өмірдің ритмі мен стилін өзгертеді, ұлттық дәстүрлер заманауи эле­

6

 

менттермен толығады. Бұл мағынасында мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты болып табылады.

ü Қазақстандық социумда қоғамдық сананы «тапсырыс бойынша» жаңартуды іске асыру мүмкін емес деген шүбәлі стереотиптің бар екенін ескерсек, түсіндіру жұмысында әрбір қазақстандықтың са­насын жаңғыртудың қажеттігіне, еліміздің әрбір тұрғынының өз өмірлік стратегияла­рын жалпы елдің прогресі үшін бейімдеуге дайындығына екпін берген жөн.

ü Президент мақаласының негізгі векторларын халыққа түсіндіре отырып, сөйлейтін сөзді дәйекті тезистермен және нақты фактілермен, ұсынылып отырған «Әр тілден әлемнің 100 үздік оқулығы», «Туған жер» және одан әрі «Туған елге» ұласады, «Қазақстанның киелі жерлері» жо­басы, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа тұлға» бағдарламалары бойынша бастама­лармен күшейту маңызды.

ü Халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу кезінде барлық ұсынылып отырған бастамалар мен жобалар, сондай-ақ олардың мазмұндық толтырылуы жария, соның ішінде заманауи диалог форматта­рын – каскадты пікірсайыстарды, дебат­тарды, әлеуметтік-лингвистикалық сарап­

7

 

тамаларды және т.б. пайдалана отырып талқыланатынына екпін берген жөн.

ü Этноұлттық құрмет көрсетушілікті айыптаулардың таралуына жол бермеу мақсатында ұлттың мәдени кодына, та­рихи фактілерге, латын қарпіне көшуге, Қазақстанның киелі жерлеріне қатысты мәселелерді және басқа да «сезімтал» мәселелерді түсіндіру кезінде әдептілік сақтау маңызды.

8

ҮЛГІЛІК СӨЗ СӨЙЛЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру:

а) Қоғамдық сананы жаңғырту өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтағанда ғана мүмкін және сәтті болады;

б) Бәсекелік қабілет және прагматизм болашақты жоспарлау кезінде ұлттық және жеке ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген;

в) Рухани жаңғыру салт-дәстүрлермен, тілімен және мәдени мұрамен байланысқан ұлттық бірегейлікті сақтауды білдіреді;

г) Білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы барлық жерде болуға тиіс, ал әлемнің озық елдерінің технологияларын ескере отырып, сапалы білімге бет бұру іргелі басымдықтар болып табылады;

д) Эволюциялық даму әлемде болып жатқан заманауи процестерді қайта ой елегінен өткізуді білдіреді.

  1. ХХІ ғасырда ұлттық рухты көтерудің нақты жолдары мен шешімдері. Басымдықтары мен таяу жылдарға арналған міндеттері:

а) бейімделу кезеңінде кириллицаны қатар қолдана отырып, қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшіру;9

б) «әлемнің 100 үздік оқулығы» жобасын іске асыру арқылы әлеуметтік және гуманитарлық білімге назар аудару –жаһандық ауқымдағы білім саласында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлауға арналған платформаны қамтамасыз етеді;

в) өлкетанулық негізде ұйымдастырылған «Туған жер» бағдарламасы арқылы патриотизмді қалыптастыру;

г) жаһандық әлемде заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету;

д) «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жо­басы азаматтарға елдің дамуына салмақты үлес қосқан Тәуелсіздіктің шынайы замандастарының тарихтарын таныстыруға мүмкіндік береді.

Негізгі қорытынды: Экономика саласындағы түрленулер мен саяси реформалар қоғамдық сананы оза жаңғыртуды іске асырған жағдайда ғана мүмкін бола­ды. Қазақстандықтар өткен шақтың, қазіргі шақтың және болашақтың көкжиектерін қосатын платформаның негізінде прогрессивті дамуды көздейді.10

НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕР

Қоғамдық сананы оның алдын

орай жаңғырту

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында жаңғыртуды экономикалық өрлеуге немесе технологиялық жетілдіруге жинақтау – бұл жалпы өзгерістер жобасының бір бөлігі ғана екеніне көңіл бөле отырып, жаңғырту процестері шеңберінде еліміздің рухани қайта өрлеуінің тұжырымдамалық бейнесін жеткізеді.

Мақалада Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның болашаққа қарай қалай қадам басуы туралы ойлары көрсетілген. Барлық технологиялық процестердің жеделдеуі мен әлем экономикаларының бәсекелік қабілеттерінің өсуіне орай құбылмалы әрі күрделі болашақ.

Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы кезеңі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарындағы қарама-қайшы оқиғалармен сипатталады. Үдемелі қарқын алып отырған жаһандық әлем ұл санасының халықтың руханияты мен дәстүрлеріне негізделген айрықша үлгісін талап етеді. Бұл 11

жағдайларда қоғамның рухани-құндылық бағдарларын сақтау және жаңарту мәселелері бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр.

Дүниедегі үрдістер әлемді өзгертуде, за­ман өзгеруде, бұл Қазақстанға дамудың мүлде жаңа деңгейіне шығуға айрықша мүмкіндік береді. Жаңару міндеті бүгінде Қазақстанның ғана емес, барлық мемлекеттердің алдында тұрғанын атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елдегі басталған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы оза жаңғыртумен сүйемелденуі тиіс. Бұл ретте, Президент бүгінгі таңда орасан жұмыс атқарылғанын және Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін атап өтеді. Бірақ мықты әрі жауап­ты адамдардың Біртұтас Ұлтына айналу үшін қоғамдық сананы өзгертуге мүмкіндік беретін неғұрлым ауқымды және іргелі жұмысқа кірісетін уақыт жетті.

Және де мақаланың негізгі түйіні Қазақстанда ауқымды өзгерістердің қоғамдық сананы өзгертусіз, немесе жаңғыртусыз мүмкін еместігінде.

Жаңғырту деген не?

Ғылыми әдебиетте Жаңғыру (modernization; modern – заманауи) қоғамдық- әлеуметтік эволюциясына, оның құрылымдық 12

және функционалдық жіктелуінің заманауи қоғамның қалыптасуы бағытына қарай өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тари­хи ұзақ процесі ретінде белгіленеді.

Сондай-ақ жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені ауыстырмайтын, бірақ қолда бар әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде анықтайды.

Жаңғыру процесі сатылы, көпфакторлы, тарихи инвариантты және қайтымды бо­лып табылады; ол өңірлік және өркениетті ерекшелікке ие және әртүрлі қоғамдық ішкі жүйелерде және дамудың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жылдамдықпен және қарқындылықпен өтеді.

Жаңғырудың түпкі мақсаты мемлекетті өзін-өзі дамытуға және өз механизмдерін тұрақты жаңалап отыруға қабілетті жүйеге айналдыру, уақыт талабына сәйкес келтіру болып табылады.

Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құра отырып, Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды.

Сосын, 2030-Стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді – бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері.

Үстіміздегі жылдан бастап, Қазақстан жаһандық бәсекелік қабілетке қол жеткізуге бағытталған елдің Үшінші жаңғыруын іске 13

асыруға кірісті. Басты мақсат – Ұлт жоспа­рын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену.

Қазақстан Президенті елдің жүйелі және дәйекті эволюциялық дамуын көздейтін мемлекеттік саясаттың өзара байланы­сы мен сабақтастығына көңіл бөле оты­рып, еліміз аяқ басқан жаңа тарихи кезеңге тән қауіптер мен сын-қатерлерді жан-жақты бағалай келе өзінің рухани жаңғыру тұрғысынан болашаққа терең көзқарасын баяндады.

Өзгерістер жолына түскен елдердің әлемдік тәжірибесі жаңғырудың – әлеуметтік-мәдени өзгерістерден оқшаулауға болмайтын процесс екенін көрсетеді. Жаңғыру біздің заманымызда материалдық өмірді де және рухани өмірді де біріктіріп қамтуға тиіс.

Демек, жаңғыру – әлеуметтік-мәдени фе­номен, оның артында тиісті адамның әлемді сезінуі мен дүниетанымы, оның қоршаған ортаны түсінуі және оның ондағы орны, дәлелдері мен мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары мен мәдени қалауларының меңгерген жүйесі, соның ішінде өмірдің саяси нысандары, белгілі бір құқықтар мен міндеттемелер жүйесі тұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені аустырмайтын, бірақ қолда бар 14

әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде бөліп көрсетеді.

Елбасы өз мақаласында былай анықтайды – саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші ке­зекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу – ең өзекті міндет.

Бүгінгі таңда, Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру шеңберінде, үш жаңғырту процесі жүзеге асырылатын болады: саяси реформа, экономикалық өрлеудің жаңа моделін құру және қоғамдық сананы жаңғырту.

Реформалар нәтижелілігінің маңызды алғы шарты – азаматтық келісім, әртүрлі саяси күштердің ынтымақтастығы мен жаңғырту жобасын іске асыру мақсатында қоғамның бірігуі. Бұл мәдени кодты өзгертуді, жаңа құндылықтар мен қалаулы болашақ бейнесін қалыптастыруды көздейтін қоғамдық сананы жаңғыртусыз мүмкін емес.

Дүниетанымдық-идеологиялық негіздеме

Мемлекет басшысының бағдарламалық баяндамасы – бұл, ең алдымен дүниетанымдық-идеологиялық сипаттағы мақала, ол ХХІ ғасырдың ұлттық санасына 15

және қоғамдық сананы өзгерту жолдарына оңтайлы форматта жалпы анықтама береді. Мақсаты мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын құру.

Жаңа үлгідегі жаңғырудың бірінші шар­ты – өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын сақтау. Онсыз жаңғыру бос сөзге айна­лады. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен салт-дәстүрлерге тым жоғарыдан қарауға болмайды. Керісінше, үздік дәстүрлерді жаңғырту сәттілігінің маңызды шарты етіп алу керек. Бұл жерде Президент жалпы қоғамның және әрбір қазақстандықтың са­насын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын бөлім көрсетеді. Бұл бағыттардың барлығы жеткілікті дәрежеде өзекті және уақыт сын-қатерлеріне сай келеді.

Ең алдымен, бұл бәсекелік қабілет, ол кезде жаңа заманның жақсы жақтарын ала отырып, жаңа нақты ахуал мен шарттарға шоғырлану және бейімделу маңызды. Әрбір қазақстандық өзіне өңірлік және жаһандық нарықтарда ұтымды нәрселер ұсына алуы үшін ең маңыздысын бөліп алуы тиіс. Бұл тек материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге интеллект пен білім. Мұның сөзсіз алғышарттарының қатарында компьютерлік сауаттылық, шет тілін білу және мәдени ашықтық сияқты факторлар тұрады. Сондықтан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да, үштілділік бағдарлама16

сы да, мәдени және конфессионалдық келісім бағдарламасы да – ұлтты 21 ғасырдағы өмірге дайындаудың бір бөлігі деп атап өтеді Президент.

Өзінің бағдарламалық мақаласында ол әдеттер мен стереотиптерді өзгертпей жаңғыру мүмкін емес деп атап өтеді, бұл рет­те маңызды бағытты – прагматизмді бөліп көрсетеді. Өз кезінде ұлттың бейберекеттігі Арал теңізінің жойылуына, мыңдаған гек­тар табиғи жерлердің экологиялық апат аймағына айналуына әкеп соқты делінген мақалада. Бұл аса бейпрагматикалық қатынастың, бұл жағдайда қоршаған ортаға сондай көзқарастың жарқын мысалы. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев шынайы мақсаттарға қол жеткізуге көңіл бөле оты­рып оңтайлы өмір сүру – мінез-құлықтағы прагматизм деген осы деп атап өтеді. Және бұл – қазіргі әлемдегі жалғыз сәтті модель.

Бұл ретте ұлттық бірегейлікті сақтау маңызды. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тіл мен музыка, әдебиет және үйлену ғұрыптары, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух халықпен мәңгі қалуға тиіс деп атап өтеді Президент. Бірақ көне және қазіргі шынайы өмірде артық әдеттерден және құмарлықтан арылу қажет. Мысалға, біртұтас Ұлтты өңірлік бөлуді артта қалдыру қажет. Біз меритократиялық қоғам құрудамыз, онда әрбір адам жеке үлесімен 17

және жеке кәсіби сапасымен бағалануға тиіс деп жазады Мемлекет басшысы.

Таяу онжылдықтарда барлық кәсіптің жартысы жойылады және мұндай жағдайда тек жоғары білімді адам ғана сәтті өмір сүре алады. Сондықтан Қазақстан білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру үлесі бойынша ең озық елдердің қатарында. Егер жастардың құндылықтар жүйесінде білімділік басты құндылыққа айналар бол­са, ұлт табысқа жетеді деп сенеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет пен ұлт – статикалық

құрылым емес

Еліміздің Президенті ұлттың табысқа жетуіне тек эволюциялық дамудың ғана мүмкіндік беретініне сенімді. Барша ХХ ғасыр революциялық сілкіністер белгісімен өтті. Бүгінде революциялардың сипа­ты өзгерген, ол айқын ұлттық, діни, мәдени немесе сепаративтік реңге ие болған. Сондықтан әлемде болып жатқандарды қайта ой елегінен өткізу – жалпы қоғам да, саяси партиялар мен қозғалыстар да және білім беру жүйесі де жүргізуге тиіс орасан дүниетанымдық, идеологиялық жұмыстың бір бөлігі.18

Сондай-ақ Президент Назарбаев тым болмағанда үш негізгі аспектімен баяндалатын сананың ашықтығы туралы айтады. Бұл дүйім дүниеде, өз еліңнің айнала­сында және ғаламшардың өзіңе қатысты аумағында не болып жатқанын түсіну. Және ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістерге дайын болу, ол өміріміздің ора­сан бөлігін – жұмысты, тұрмысты, дема­лысты, тұрғын үйді, адами қарым-қатынас тәсілдерін өзгертеді.

«Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші тарау таяу жылдарға арналған іс-қимыл жоспары, күн тәртібі. Таяу болашақта іске асыруға болатын алты нақты жобаны баяндаған.

Ұсынылған шаралар басты мақсатқа – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы негізінде жалпы руханилықты қайта көтеру. Оның үстіне, елімізде 2014 жылдан бастап, ішінара алғанда қазақстандықтардың бәсекелік қабілетті мәдени ділі мен жоғары руханилығын қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы іске асыры­луда.

Мемлекет пен ұлт – статикалық құрылым емес, тірі дамушы организм. Нұрсұлтан Назарбаев барша мақаланың басты ойын өмір сүру үшін саналы бейімделу қабілетіне ие болу керек деп атап өтеді. Уақыт тоқ19

тамайды, демек жаңғыру тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Президент елдің жастарына жаңа дәуірлер тоғысында Қазақстанның жаңару мен жаңа идеялар арқылы өз болашағын өзі құратын айрықша тарихи мүмкіндігі бар деп үн қатады. Мем­лекет басшысы жаңа жағдайда жаңаруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуыңызды ең басты қағидасы екеніне сенімді.

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді».

Сондықтан Елбасы былай деп атап өтеді: «Реализм мен прагматизм негізінде қоғамдық сананы өзгертуге пәрменді атса­лысу үшін еліміздің әрбір азаматы, жалпы қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барлық мемлекеттік органдар өздерін жетілдіруі қажет: ағымдағы жағдайды талдауы, қай жерде екенін айқындауы, баршаға және әрқайсымызға не істеу керек екенін ұғыну қажет. Біз біртұтас және ұлы ұлт екенімізді мақтан тұтуымыз қажет. Бізде жалғыз жол бар: жаңару арқылы жарқын болашаққа!».20

АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ

МАТЕРИАЛДАР. ТАЯУ ЖЫЛДАРДА ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақ тілінің латын әліпбиіне

кезең-кезеңмен көшуі

Президент «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуін бастама етіп көтерді. Бұл ретте, латын әліпбиіне көшудің негізінде, бір жағынан, терең тарихи логика, ал екінші жағынан, Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі, қазіргі ХХІ ғасырдағы ғылым-білім беру процесі үшін маңызы зор әлемдегі технологиялық орта және коммуникация ерекшеліктері жатыр.

Қазақ жазуының даму тарихы

Халықтың үлкен өнертабыстарының бірі –жазу. Жазу қоғамның жинап-түйген тәжірибесінің бәрін бір жерге шоғырландырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беруге мүмкіндік береді. Жазу ұлттық кодтарды қалыптастырып, қарым-қатынас жасаудың уақыттық және кеңістіктік шектеулерін жояды.

Өзінің дамуы барысында қазақ тілі нақты 21

тарихи кезеңнің талаптарына бейімделе отырып, жазуын бірнеше рет өзгертті.

VI–VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз, оның ішінде қазіргі қазақтардың ата-бабалары ғылымда Орхон-Енисей жазуы деген атаумен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған. Бұл –әріптік жазудың көне түрінің бірі. Мұндай көне жазу нұсқаларының бірі 1896–1897 жылдары Қазақстанда Әулиеата (қазіргі Тараз қаласы) маңында анықталды. Ол жерден көне түркі жазуы таңбаланған 5 тас табылған. 1940 жылы Шығыс Түркістанда VIII ғасырдың ортасындағы жақсы сақталған 4 көне түркі жазуы анықталды. XV ғасырға дейін түркі тілі Еуразияның басым бөлігінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі болған. Мы­салы, моңғолдың Бату және Мөңке ханда­ры басқарған кезде Алтын Ордадағы ресми құжаттардың бәрі, халықаралық келіссөздер моңғол тілінен бөлек, түркі тілінде де жүргізілген.

Қазіргі Қазақстан аумағына ислам діні келгеннен бастап, яғни X ғасырдан бастап араб жазуына көшкен, бұл жазу XX ғасырдың басына дейін қолданылған. Қазақ тілінің араб жазуына көшудегі маңызды фактор – ол тілдің халықаралық деңгейде кеңінен қолданылуы болды. Араб жа­зуы Қазақстанда рухани және ақсүйектер мектебінде, сондай-ақ ресми келіссөздерде 22

қолданылған, өйткені араб тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болған. Араб жазуының әсем ою-өрнектерімен ғимараттарды безендірген, ғалымдар мен ақындар еңбектерін араб тілінде жазып, олардың беттерін жоғары көркемдік деңгейде салынған су­реттермен өрнектеген.

1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуына негізделген қазақ жазуын сол заманның талаптарына бейімдеу мақсатында оған реформа жасап, бұл жазуды шетелде тұратын миллиондаған қазақтардың пайдалануына мүмкіндік берді. «Жаңа емле» деп аталатын жаңа әліпбиді Қытай, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Сондай-ақ сол дәуірдің зерттеушілері мен қоғам қайраткерлерінің пікірінше, қазақ тілінің да­муында маңызды рөл атқарған араб жазуы (халық арасында «төте жазу» деп аталады) өзінің әлеуетін төмендетті.

1929 жылдан бастап Қазақстан аумағында жаңа, латынға бейімделген әліпби –«Бірыңғай түркі әліпбиі» пайда болды. Ла­тын жазуына негізделген бұл жазу 1939 жылға дейін қолданылып, 11 жылдан кейін латын жазуының орнына кирилл әліпбиі келді. 1940 жылы «Латын жазуына бейімделген қазақ жазуын орыс жазуының негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. 23

Кезең-кезеңмен көшу және ойластырылған тәсіл – маңызды талаптар

Қазақстан саясатының ерекше белгісі – белгілі бір бастамалар мен реформаларды іске асыру тәсілдерінің ойластырылғандығы болып табылады. Френсис Бэкон «Уақытында жасалмаған іс – бекер іс» де­ген екен.

Қазақ тілін латын жазуына көшіру туралы ұсыныс, жаңа әліпби дайындау және құжат айналымы мен кітап басып шығаруды ла­тын тіліне ауыстыру қазақстандықтар үшін кенеттен туындаған мәселе емес. Бұл мемлекеттің мақсатты түрде және кезең-кезеңмен бет алған бұрыннан мәлімделген мақсаты. Сондай-ақ бұл бастама «сырттан» келген жоқ, оны бастама етіп көтерген –Қазақстан азаматтары.

Латын жазуына көшудің қажеттігі туралы мәселені Қазақстанның қоғам қайраткерлері мен тіл білімі саласындағы мамандар тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ ұсынған болатын. Қазақ тілінің жазуын өзгертудің орындылығы туралы мәселе алғаш рет 1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында тұратын түркітілдес халықтардың өкілдері қатысқан Түркияда өткен Түркологиялық Конгресс аясында айтылған болатын. 24

Конгрестен кейін Тіл білімі институтының директоры академик Әбдуәли Қайдар Пре­зидент Н.Ә. Назарбаевқа хат жолдады, хат­та көптеген түркітілдес елдер Кеңес Одағы құлағаннан кейін латын әліпбиін игергенін, сондықтан Қазақстан да сол елдердің ізімен жүруі керек екендігін атап жазған болатын. Хатқа Тіл білімі институты әзірлеген ла­тын жазуына көшудің тұжырымы және ла­тын жазуына негізделген қазақ әліпбиінің алғашқы жобасы тіркелді. Ұсыныс мұқият қарастырылды. Алайда сараптамалық бағалар қоғамның мұндай күрт өзгерістерге дайын еместігін көрсетті.

Бұл мәселе 2006 жылы тағы да күн тәртібіне қойылды, Қазақстан халықтар ас­самблеясында Елбасымыз әлемдік коммуникациялық кеңістікте латын жазуының басым екенін айтып, мамандарды латын жазуына көшу мүмкіндігі туралы мәселені талқылауға шақырды.

Латын жазуына кезең-кезеңмен көшу ту­ралы мәселенің жаңа «Қазақстан – 2050» стратегиясында» көтерілуі қисынды. Президенттің 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ тіліне жаңғырту жүргізетін кез келді делінген. Қазақ тілі «Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс».25

«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз... Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», – деді Президент. Сол кезде қазақ жазуының латын жазуына көшуінің нақты датасы 2025 жыл деп көрсетілген.

Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты мақаласында қазақ жа­зуын латын графикасына көшіру тақырыбын нақтылай келе, мамандар мен Үкіметтің ал­дына мынадай міндеттер қойды:

  • 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стан­дартты нұсқасын қабылдау;
  • 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын кадрлар даярлау мен орта мек­тептерге арналған оқулықтар даярлауды бастау;
  • қазақ тілін латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу;
  • 2025 жылдан бастап іс қағаздарын латын қарпінде жүргізу, мерзімді баспа

26

 

сөзді, оқулықтар мен басқа басылымдардың барлығын латын қарпінде жариялау.

 

Қазақ жазуын латын графикасына көшіру қажеттілігі туралы айта келе, Ұлт көшбасшысы қазақ тілін латын қарпіне көшіру процесі жақсы дайындықпен және байыпты түрде жүргізілуге тиіс деп атап көрсетті. Бұл біздің әлемдік өркениетпен ықпалдасуымызға, ағылшын тілін және ин­тернет тілін үйренуімізге жағдай жасайды.

Не үшін латын қарпі таңдалды?

Латын графикасына көшуге байланысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі: «Не үшін кирилл қарпінен бас тартуымыз керек және не үшін қазақтар 900 жыл бойы пайдаланған арабтың өрме жазуын емес, латын қарпін таңдаймыз?»

Мәселенің басты себебі – әлемнің жаһандану процесіне ұмтылуында. Латын қарпі қазіргі кезде жаһанданудың графикасына айналды. Латын қарпі жаңа технологиямен, компьютермен, сапалық жетістіктермен байланыстырылады. Тіпті жапон тілінде аталатын жапон фирмаларының өздері атауларын латын қарпімен жазғанды дұрыс санайды. Тіпті, Қытайда экономиканың бірнеше секторла­рында әлемдік нарыққа шығу үшін, әлемдік деңгейдегі тұтынушыға түсінікті болу үшін 27

латын қарпі қолданылатындығы белгілі. Латын қарпі брендік графикаға айналып отыр. Латын қарпіне көшу уақыт талабынан қалмау үшін, әлемдік кеңістікке табысты ин­теграциялану үшін, бір қызығы, интеграцияланып қана қоймай, өзінің кескін-келбетін сақтап қалу үшін маңызды болып отыр.

Кирилл қарпін, керісінше, әлемнің көп елі біле бермейді. Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Болгария, Сербия және Македония сияқты елдерді қоспағанда, оны тіпті ешкім қолданбайды десе де бола­ды. Кейбір славян мемлекеттері, мысалы, Польша, Чехия кирилл қарпін емес, латын қарпін қолданады және бұрынғы кеңестік елдер, мысалы, түркітілдес мемлекеттерді айтпағанда, Молдавия бірден латын қарпіне көшіп, жалпыәлемдік ақпараттық кеңістікке еніп отыр.

Шет елдерде тұратын қазақтар өз қандастарымен ана тілінде сөйлескенде, латын қарпіне негізделген замануи ақпараттық желілерді пайдалануды барған сайын арттырып отыр. Қазақстан жастарының шет тілдерін меңгеруге деген ұмтылысы, қоғамды компьютерлердіру, интернетті пай­далану, шығыс мәдениетінің телевидение, кино арқылы ықпал етуі, еуропалық сапаға ұмтылу – осының барлығы біздің қоғамды «латын қарпінің құшағына» еріксіз әрі біртіндеп тартып келеді.28

Қазақстан қазіргі кезде әлемдік экономикалық процестердің белсенді қатысушысы болып табылатындықтан, латын графика­сына көшудің де мультипликативті әсері болады. Қазақстан жүргізіп отырған саясаттың тұрақтылығы мен болжалымдылығы, Қазақстанда бизнес жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлар шетелдік компаниялар­ды Қазақстан аумағына барған сайын тар­туда. Атап айтқанда, Бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде Қазақстан 2015-2016 жылдары 42-орынды иеленді. «Жәдігерлер қоры» («Фонд наследия», The Heritage Foundation) Америкалық зерттеу орталығының Экономикалық бостандық рейтингінде де 2016 жылы Қазақстан 42- орыннан көрінді. Doing Business Дүниежүзілік банктің рейтингісінде Қазақстан 35 орынға тұрақтап, қатарынан төрт жыл бойы үздік реформатор ретінде мойындалып келеді. Шетелдік азаматтардың Қазақстанға деген қызығушылығының артуы олардың қазақ тілін білуге деген мүддесін де ынта­ландырады. Қазақстанмен экономикалық байланыстарын кеңейтуді жоспарлай оты­рып, көптеген шетелдік компаниялар өз қызметкерлерінің қазақ тілін үйренуіне жағдай жасауда. Осы ретте шетелдіктердің қазақ тілін латын қарпі арқылы үйренуі оңай екендігі даусыз. Сонымен қатар қазақ жазуының латын графикасына көшуі 29

Қазақстанның туризм саласына да қолайлы жағдай туғызады.

Латын графикасына көшудің таза лингвистикалық сипаттағы бірқатар себептері де бар. Латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға жаңа серпін береді. Өйткені бұл процесс тілдің грамматикалық, әсіресе фонетикалық жүйесі үйлестіруге жәрдемдеседі. Ғалымдар латын графикасы пайдалануға өте қолайлы әрі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін дәл береді деген пікірде. Қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, оның 33-і орыс тілінің және тоғызы – қазақ тілінің төл әріптері. Ал қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі дыбыс саны – бар-жоғы 28. Лингвистика заңдарына сәйкес, дыбыстарға қарағанда әріптер саны аз бо­луы керек. Ал қазақ тілінде керісінше болып отыр, өйткені біз орыстың барлық әріптеріне қазақ тіліне тән дыбыстарды білдіретін әріптерді қостық. Егер біз латын қарпіне көшсек, бір дыбыс белгілі бір әріппен ғана таңбаланатын болады.

Мәселені саясиландыру – орынсыз

Кейбір адамдарда латын қарпіне көшу мәселесі қандай да бір басқа мүдделерге, мысалы, геосаяси мәселелерге қатысты жасалып отыр деген пікір қалыптасқан. Қазақстан латын қарпіне көшсе, Ресейден 30

іргесін аулақ салады деген сөздерді де естіп қаламыз. Бұл сын көтермейтін тұжырым деп есептейміз. Қазақстанның Ресеймен құрлық шекарасы – әлемдегі ең ұзын ше­кара, ортақ тарихи, мәдени, экономикалық, туыстық байланыстар – мұның бәрі екі елдің бір-бірінен алшақтауына мүмкіндік бермейді. «Өркениетті таңдау» деген ұғымды «геосаяси таңдау» деген түсініктің синонимі ретінде қабылдауға болмай­ды. Қазақстан Президенті бірнеше дүркін атап өткеніндей, біз орыс тіліне байыппен қараймыз, орыс тілін білу мәдениетіміздің деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Шымкент қаласында жұртшылықпен кездесу кезінде сөйлеген сөзінде Прези­дент: «Біз кирилл қарпінен қол үзіп кете алмаймыз және орыс тілі мен мәдениетін ұмыта алмаймыз. Бұл қазақтар үшін мүмкін нәрсе емес. Біз орыс тілі арқылы әлемдік мәдениетті, әлемдік прогресті таныдық. Сондықтан ол әрқашан бізбен бірге. Адам қанша көп тіл білсе, ол соншалықты зиялы. Ресей – біздің үлкен көршіміз, құдай қосқан көршіміз және біз әрқашан бірге боламыз».

Сонымен, тілдік графика реформа­сын қазақ тілін жаңғырту тұрғысынан ғана қарастыру керек. Бұл – графикаға ғана қатысты жүргізілетін реформа. Біз қандай да бір өзге тілге көшіп кетпейміз, графика­ны ғана жаңғыртамыз.31

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, түркітілдес мемлекеттердің барлығы дерлік (Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан) ла­тын әліпбиіне өтіп болғандығы латын графикасының түркі тілдерінің фонетикалық құрылымын дәл бейнелейтіндігін растайды. Осы ретте латын графикасына көшу – бұл елдердің сыртқы саяси бағыт-бағдарына әсер етпегендігін атап айтуымыз қажет.

Егер мәселеге сезімге берілмей, прагматикалық тұрғыдан келетін болсақ, онда бұл тілдің қызмет етуі мен практикалық қолданысының мәселесі болып табылады.32

«Жаңа гуманитарлық білім.

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы

Гуманитарлық білімді жаңарту –

қоғамдық сананы жаңғырту негізі ретінде

Жоғарғы білім Қазақстанның жаңғыруындағы негізгі салалардың бірі болып та­былады. 2016-2017 оқу жылдары елімізде 125 жоғары оқу орны қызмет атқаруда, олар­да 477 мың адам білім алып жатыр және 38 мың ұстаз бар. Өткен жылдарда еліміздегі білім берудің бәсекелестікке қарсы тұру деңгейін арттыруға бағытталған және оны дүниежүзілік білім беру мен ғылыми ортаға шоғырлануын көздейтін кешенді рефор­малар жүргізілген еді. Олар Қазақстанның білім беру жүйесін Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясының ережелеріне сәйкестендіруге ұмтылды.

Қазіргі уақытта, Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаға байланысты, елімізде білім саласындағы бәсекелестікке бейімделген сапалы деңгейдегі жаңа мамандарды дайындау қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Өмір 33

сүру үшін өзгере білу керек». Осындай өзгерулердің бір бағыты – ол қоғамдық сана­ны жаңғырту, сондай-ақ тек қоғамдық және гуманитарлық білімдер негізінде жүзеге асырылатын өзгертулер болмақ.

Бұл барлық мамандықтар студенттерінің қоғамдық және гуманитарлық білім саласында сапалы дайындығының болу­ын меңзейді, өйткені олар заманауи процестерді түсініп, сананы жаңғырту қағидаларының – ашық болудың, прагматизмнің, бәсекелестікке қарсы тұра білудің басты дәріптеушілері болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады».

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

– еліміздің барлық жоғарғы оқу орында­рында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру;

– гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару;

– мемлекеттік емес Ұлттық аударма бю­росын құру.34

Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері

2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып та­былатын кітаптармен оқуды бастайды.

Әрине, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандық ғалымдар мен ұстаздардың ұлттық оқулықтарды дайындау жөніндегі жұмыстарын жоққа шығармайды. Бұл тек қазақстандықтар қолдана алатын оқыту әдістерінің спектрін кеңейтуге бағытталған және оларды студенттер мен ұстаздарға қолжетімді қылуға арналған.

Қазақстандағы білімі беру моделін өзгертудің негізгі факторы – ол білім беру және ғылым саласында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде нығаюына, қазақ тілінде білім ала­тын студенттер санының артуына байланысты. Мысалы, мемлекеттік тілде білім алу тенденциясының тұрақты өсімі сақталуда, техникалық және кәсіби білім алатындар: 2012-2013 оқу жылдары - 54,8%, ал 2013-2014 жылдары – 56,3%, 2014-2015 жыл­дары – 57,5%-ды құраған.1 Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде, қазақ тілінде

1 Қазақстан студенттерінің 47,2%-ы мемлекеттік ЖОО-да білім алуда / http://www.express-k.kz/news/?ELEMENT_ID=65662)35

оқытылатын студенттердің саны 62 %-ды құраған.2

Алайда, қазақ тіліндегі кітаптардың сту­денттерге қолжетімді болуы жағынан, сондай-ақ ғылыми түсініктемелік аппаратты әзірлеу бойынша бірқатар қиыншылықтар сақталуда.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру Қазақстандағы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқыту жүйесін жетілдірумен қатар тағы да екі мәселені шешуге мүмкіндік береді:

– жоба ғылыми айналымға заманауи әлеуметтік процестерді түсіндіретін жаңа тұжырымдамаларды енгізу арқылы, Қазақстандағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің академиялық ортасын дамытуға септігін тигізеді;

– аударма жобасы арқылы қазақ тілінің дамуы жүзеге асырылатын болады, өйткені гуманитарлық пәндер саласындағы фун­даменталды, теориялық зерттеулер мемлекеттік тілдің тұжырымдамалық және түсініктемелік құрылымын дамытуды қажет етеді.

2 Қазақстан студенттерінің 47,2%-ы мемлекеттік ЖОО-да білім алуда / http://www.express-k.kz/news/?ELEMENT_ID=65662)36

Оқулық және ғылыми әдебиеттерді аударудың халықаралық, қазақстандық тәжірибесі

Оқулықты және аударма жобаларын дайындау бойынша ауқымды жобалар әлемде кеңінен тараған тәжірибе. Физика бойынша америкалық (Р. Фейнман, Р. Лейтон және М. Сэндсом) және кеңестік (Л. Ландау және Е. Лифшиц) ғалымдар дайындаған көп том­ды курстар бүкіл әлемге белгілі, оларды тиісінше орыс және ағылшын тілдеріне ау­дару 1960-1970 жылдардағы табиғи-ғылыми білімдердің дамуына үлкен серпіліс берді. Гуманитарлық саладағы аудару жобалары жүйелі түрде (авторлар мен аудармашылар­ды, баспаларды таңдау, аудару сөздіктерін құру) бірқатар халықаралық үкіметтік емес ұйымдар тарапынан, сондай-ақ кейбір уни­верситеттер мен жеке ғалымдар тарапынан жүзеге асырылды. Олардың арасындағы ең танымал және ең тиімдісі – «Пушкин» баспа жұмысына көмек көрсету бағдарламасы болып табылады. Ол 1990 жылдан бастап Ресейдегі Француз институты тарапынан жүзеге асырылды және соның арқасында 26 жыл ішінде орыс тіліне 900 шығарма аударылғанын айта кеткен жөн.

Қазақстанда да мұндай тәжірибе бар. 2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жоғары оқу орындарының ас­37

социациясы тарапынан жүзеге асырылған жоба аясында, оқулықтарды қазақ тіліне аудару жұмысы басталған болатын. 2012 жылы нанотехнология, биотехнология, минералогия, ақпараттық жүйелер, дизайн және архитектура, философия, музы­ка сияқты мамандықтар бойынша жалпы тиражы 18 700 дананы құрайтын 15 шетелдік оқулық мемлекеттік тілде басылып шығарылған болатын. Олардың барлығы Республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығында сараптамадан өткен.

Ұлттық аударма бюросы – жобаны жүзеге асырудағы орталық буын

Қазіргі уақытта қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша оқулықтарды дайындау жөнінде талаптар қойылып отыр. Осы орайда әдебиеттерді қазақ тіліне ау­дару, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүйелі тапсырма ретінде қарастырылуда. Бұл – қоғамдық өмірді және білім беру процестерін дамытудағы жаңа тренд. Жаңа оқулықтарды шығару ғылыми және білім берудің қатаң сараптамасына сүйенетін болады және беделді ғалымдар мен сарапшылардың кең ауқымды келісіміне септігін тигізеді. Оқулықтарды таңдап алу ағымдағы 2017 жылы басталатын болады және бірнеше жылдар бойы жалғасады. 38

Оқулықтар әлемдегі оқулықтардың ең үздік үлгілерінен таңдап алынады.

Ұлттық аударма бюросы жобаны жүзеге асырудағы мемлекеттік және коммерциялық емес орталық буын болып табылады, ол екі кезең шеңберінде қызмет атқарады:

– бірінші кезеңде оның мақсаты – шетелдік дереккөздерді қазақ тіліне аударуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

– екінші кезеңде – қазақ тіліндегі аудар­малармен қатар, мемлекеттік тілдегі ма­териалдарды басқа да тілдерге аударуды жүзеге асыру.

2018 жылы алғашқы оқулықтарды аудару жұмысы басталады. Оларды латын графи­касы негізінде жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл ағылшын, неміс, орыс, француз және басқа да тілдердегі кітаптардың аударма­лары болады. Идеологиялық, саяси неме­се басқа да біржақты пікірі бар оқулықтарды басып шығаруға жол берілмеуі тиіс.39

«Туған жер» патриоттық

бағдарламасы

«Туған жер» бағдарламасы Отанға деген рационалды және эмоционалды қатынасты біріктіруге бағытталған. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке бағытталған патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады. Бағдарлама 3 бағыт бойынша жүйелі жұмысты талап етеді:

  • Бірінші бағыт – өлкетану жұмыстары;
  • Екінші бағыт – табысқа жеткен өкілдер мен ауылдық мекендерден шыққандардың (бизнесмен, шенеунік, жастар және т.б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау;
  • Үшінші бағыт – жергілікті биліктің бірлескен жұмысы, демеушілік көмекті қолдау мен тетіктерінің оңтайлы түрін іздеу,

 

Өлкетану білімі біржақты этнографиялық аспектіні ғана емес, сонымен бірге ірі ағартушылық жұмысқа негізделіп, жергілікті жердің географиясын, фольклорын, мифо­логиясын зерттеуді талап етеді.

Өлкетану білімін ұйымдастыруды жүзеге асыруда жалпы білім беру мектептеріне сүйенген жөн. Әкімдіктер Білім және ғылым министрлігімен бірге негізгі оқу құралдарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс.40

Меценаттықты дамыту әр өлкеден шыққандардың демеушілік көмегін белсенді қолдауды талап етеді. Бұл жағдайда меценаттар мен жергілікті билік, жұртшылық арасында мына ұстанымдар жүзеге асыры­луы тиіс:

  • Меценаттық нақты ауылға, мектепке, ЖОО-ға адрестік көмекті талап етеді;
  • Жұртшылық тарапынан масылдық көңіл күй емес, жергілікті бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруға ынта болуы тиіс;
  • Жергілікті биліктің тарапынан меценаттықты қолдайтын іс-әрекеттер күтіледі. Бұл жағдайда өңірдің дамуына еңбегі сіңген адамдарды мәңгілік есте қалдыру сияқты моральдық мотиваторларды қосуға бола­ды. Мәселен, нақты тұлғалардың жергілікті жобаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы естелік тақташаларын орнату.

 

Қазірден бастап осы бағдарламаның нұсқасы мен мазмұнын талқылау үрдісі басталып кеткендігін атап өткен жөн. Сарапшылардың ұсыныстары арасында мыналарға назар аударуға болады:

  • британиялық өлкетану ассоциациясының форматын үлгі ете отырып, азаматтық сектордың негізінде тарихшылар, экскур­соводтар, туризм саласының мамандарын және т.б. біріктіретін қазақстандық өлкетану ұйымын құру;

41

 

  • әлеуметтік желілердің кеңістігінде қазақстандық табиғатты насихаттау мақсатында барлық өңірлерге баратын арнайы фотоэкспедиция ұйымдастыру;
  • Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніне ұқсас, алай­да тек мәдени ескерткіштерді ғана емес, табиғи ескерткіштерді насихаттайтын өңірлік деңгейдегі ескерткіштер кешенінің картасын жасау. Балама шешім ретінде осы картаның диджитализациясы мен Қазақстан қалаларында голограмма ретінде көрсетілімі ұсынылады;
  • экономикалық салада – туристік абат­тандыру аясында бизнес үшін уақытша салық жеңілдіктерін енгізу (транспорттық логистика, тамақтану және т.б.).

42

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы

«Қазақстанның киелі жерлерінің геогра­фиясы» жобасы жалпыұлттық сипатқа ие рухани жәдігерлерді топтастырады. Жобаның 3 негізгі бағыты бар:

  • Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру және еліміздің әрбір азаматына ұлттық бірегейліктің осы негізі бойынша сапалы білім дарыту;
  • Жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу;
  • Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуіне сүйене отырып, ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту.

 

Киелі жерлердің белдеуін жүзеге асыру үшін жоба аясындағы нысандардың нақты санын анықтау қажет. Ол тым көп болма­уы тиіс, алайда тарихи ескерткіштердің негізгі кешенін қамтуы қажет, соның ішінде келесілерге назар аударған жөн:

  • Әлемдік өркениеттің қазынасы – Ал­тай және жалпы Шығыс Қазақстан аумағы. Бұл өңір әлемдік тарихи мұра бола отырып, тек қана түрік тайпаларының ғана емес, үндіеуропалық және арий халықтарының арғы отаны болып табылады;
  • Түркістан – Қазақстанның тарихи жетістігі, сонымен қоса Ұлы Жібек жолын

43

 

дағы Тараз, Шымкент, сондай-ақ Алматы облысындағы қалаларға, Сырдария маңындағы өңірге назар аударған жөн;

  • Көлік желісінен жырақта орналасқан Орталық Қазақстандағы Ұлытау – Қазақ мәдениетінің қасиетті орталығы;
  • Ұлытау сияқты Маңғыстаудағы Үстіртті те Қазақстан аумағындағы барлық қасиетті пантеондармен байланыстыру керек.

 

Осы өңірлердегі туристік инфрақұрылымның дамуына ерекше назар ауда­ра отырып, жобаны жүзеге асыру үшін әкімдіктермен тұрақты негізде күнделікті жұмысты жүргізген жөн.

Сонымен қатар, қоғамдағыы жаһандық ақпараттану үрдісінің сипатын ескере отырып, отандық мәдениеттің әлемдік қауымдастықпен коммуникациялық байланыс ор­натып, жаһандық деңгейде өз жетістіктерін көрсете алу мүмкіндіктеріне ие болуына баса назар аударуға тиіспіз.

Бұл орайда жаһандық трендтердің бірі туризмді дамыту арқылы өз мәдениетін ілгерілету болып табылады. Осы ретте Қазақстанның туристік әлеуетін аша алатын, зор резервтер мен мүмкіндіктерге ие тарихи-мәдени ландшафтыны ескеру қажет.

Шетелдік туристерді тарту мақсатында мәдени-туристік инфрақұрылымды қалыптастыру мен жаңғырту жұмысын белсенді жүргізген жөн. Соның ішінде Алтайға, 44

Үстірт пен Түркістанға және т.б. жерлер­ге тарихи-эзотерикалық туризм жасау зор қызығушылық тудыруы мүмкін.

Өз тарихымыз бен мәдениетімізге, халқымызға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру үшін тек элитарлық мәдениеттің өкілдерін ғана емес, бұл іске барлық қауымдастықтарды, халықты тарту шарт.

Қазірден бастап Қазақстанның қасиетті нысандары картасын жасауды бастап, оны 2017 жылдың соңына дейін аяқтаған жөн. Одан басқа, жобаны кеңінен зерттеу мен ілгерілету бойынша шаралар жоспарын қабылдаған маңызды. Мәселен, «Discovery», National Geographic» канал­дарымен бірге Қазақстан туралы ғылыми-танымдық фильмдердің топтамасын жа­сау ұсынылады. Бағдарламаның келесі деңгейіне көшудің негізгі шарты – панте­он реестрін жасауда ортақ келісімге келу болмақ.45

«Жаһандағы заманауи қазақстандық

мәдениет» жобасы

Қазіргі заманғы бәсекелік қабілет дегеніміз экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіндік мәдени жетістіктермен әлемге танылу.

Бүгінде Қазақстан әлемдік аренада мұнайдың ірі қоры арқылы, ядролық қарудан бас тартқан, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, атомды бейбіт мақсатта пайдалану бастамашысы ретінде танымал. Қазақстанның бұл бейнесі ұлттық брендке айналды, осы арқылы әлемдік және өңірлік үрдістерде мемлекет пен оның мүмкіндіктері туралы жағымды ассоциациялар жасала­ды.

Қазақстан дамуының жаңа кезеңі сыртқы саяси бастамалармен байланысты брендтерді ілгерілету ғана емес, қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері мен жетістіктерін көрсету арқылы мемлекеттің танымалдығын арттыруды көздейді. Мұндағы әңгіме ғылым, әдебиет, көркемөнер мен музыка, театр, кино және т.б. қамтитын ұлттық мәдениеттің кең мағынасында ай­тылады.

Мәдениеттің үздік үлгілерінде, халық шығармашылығында, тарихында, музыка, 46

әдебиет, кескіндеме, театр, кино өнеріндегі озық туындылар Қазақстан мен ұлттық бірегейлігіміз туралы тұрақты ассоциация­лар мен бейнелер қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мұнда заманауи мәдениеттің ныса­ны мен мазмұны бойынша ілгерілеуге басымдық беріледі, соның ішінде халықаралық деңгейде заманауи авторлардың жұмыстарын, әсіресе өз шығармашылығын жеткізуде заманауи нысандарды – мультимедиалық кітаптар, кинематографиялық және әуендік жобалар; виртуалды 3D мұражайлық, көрме және ғылыми экспозициялар; электронды кітапханаларды белсенді пайдаланатын жастар­ды қолдауымыз қажет.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын да дәл осылай ілгерілетуге тиіспіз.

Ең бастысы, ұлттық мәдениеттегі үздіктерді таңдап қана қоймай, оларды халықаралық аренада насихаттаудың тиімді тетіктерін табу маңызды.

Заманауи Қазақстанның ғылыми және әдеби жобаларын ілгерілету механизмінің бірі – олардың әлемдік тілдерге аударма­47

сы болып табылады, мұндағы басты рөлді Ұлттық аударма бюросы ойнайды.

Ауқымды жобаның жүзеге асуы осы жұмыстарға тартылған министрліктер мен ведомстволардың, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық интеллигенцияның үйлестіруі негізінде мүмкін екені белгілі. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі ақпараттық-имидждік жұмысқа бағытталған бюджеттің белгілі бір бөлігін ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілетуге жұмсайды. Елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің жұмысы сәйкесінше ведомство алдына қойылған міндеттерге бағдарланады.

Сонымен қоса, шетелде қазақстандық мәдениетті кеңінен таныстыру үшін мәдени брендтерді іріктеудің бағалау жүйесі дайындалады.48

«Қазақстандағы 100 жаңа есім»

жобасы

Әңгіме не туралы?

Еліміздің тарихын оқулықтар бойынша зерделей отырып, Қазақстанның дамуы­на елеулі үлес қосқан атақты тұлғалардың өткен ғасырларда өмір сүргендеріне еріксіз назар аударасың.

Қазіргі Қазақстан өзінің бұрынғысынан ерекшеленеді. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан тарихи жолдан өтіп, әлемдік кеңістікте танымал мемлекетке айналды.

Қазіргі заманғы Қазақстан:

  • дамыған экономикасы;
  • сапалы білім жүйесі;
  • жоғары білікті кәсіби кадрлары;
  • медицина саласында елеулі жетістіктері;
  • жоғары спорттық әлеуеті және т.б. бар мемлекет.

 

Алайда Президент өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында» нақты адамдардың тағдырлары көрінбейтіндігін атап өтті.

Біздің жетістіктеріміз өздігінен келген жоқ. Осының барлығының артында ел азаматтарының қажыр-қайраты жатыр. Қазақстанның әр жетістігінің тарихы – әрбір 49

адамның жетістігінің тарихы. Тарихты адам­дар жасайды. Тарих – ол әріптері бар кітап емес, ол – адамдардың өмірі.

Қазақстан – жас мемлекет және біздің бүгінгі Қазақстанды кұрып жатқан адамдар –ол біздің замандастар, көбінесе жастар.

Президент «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынып отыр. Бұл қандай жоба?

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы ең алдыменен жаңа буынның тұлғаларына бағытталған. Бұл жоба Қазақстанға әр түрлі саладағы көрнекті тұлғаларды таныстырады. Олар мәдениет қайраткерлері: әншілер, композиторлар, спортшылар, ғалымдар, журналистер, кәсіпкерлер және басқа да өз ісінің майталмандары.

Негізінен бұл – 20 және 50 жас арасындағы қазақстандықтар. Тәуелсіздік кезеңінде табыс пен құрметке қол жеткізген жандар.

Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанда Жобаға енгізілетін 100 адамнан анағұрлым көп табысты адамдар бар екенін түсіну керек.

Жобаның мақсаты ең үздіктерді таңдау емес, конкурс немесе жарыс емес. Бұл Жоба жас ұрпаққа алдыңғы буынның кәсіби табыстарға қалай жеткендерін көрсетеді, жол сілтейді.

Сондықтан «100 жаңа есім» тек ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де іске асырылатын болады. Қазақстанның әр 50

өңірінде өздерінің табысты адамдары бар және олардың өмір тарихы өзгелерге үлгі бола алады.

Жоба үш міндетті орындауға бағытталған:

  1. Өздерінің ақылымен, еңбегімен және дарынымен қазіргі Қазақстанды жасап жатқандарды түстеп көрсету.
  2. Танымал замандастарымызға ақпараттық қолдау көрсететін және елге әйгілейтін жаңа мультимедиалық алаң құру.
  3. Тек ұлттық деңгейдегі ғана емес, өңірлік деңгейдегі «100 жаңа есім» жоба­ларын жасау. Біз ұлтымыздың алтын қорын құратын отандастарымызды білуіміз қажет.

 

Табыс тарихы

(жеке мысалдар)

МӘДЕНИЕТ

Марат Бисенғалиев

Атақты скрипкашы және дирижер, Алматы қаласында дүниеге келген. Әлемге танымал болғанына қарамастан, өз еліне адал (азаматтығын өзгертпеген).

Бирмингем консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасына еңбе51

гі сіңген қайраткер, AAPRO оркестрлер альянсі директорларының бірі.

Мария Мудряк

Әлемнің ең танымал сопраноларының бірі. Үздік ондыққа кіретін қазақстандық опера әншісі. Сахнаға алғаш рет 3 жасында шыққан. Сол кезде оны әлемге және музыкалық ортаға өте танымал қылған «Машенька» атты алғашқы альбомын шығарды.

СПОРТ

Марат Жыланбаев

Қазақстанның ең танымал адамдарының бірі – екібастұздық марафоншы Марат Жыланбаев. Ол (адамзат тарихында бірінші рет!) Сахараны солтүстіктен оңтүстікке қарай жүгіріп өтіп, Гиннес Кітабына енген 7 рекорд жасады.52

Геннадий Головкин

Орта салмақтағы, әлі жеңіліс тауып көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы. «The Ring» журналының нұсқасы бойынша, салмақ категориясына қарамай, ең үздік боксшылардың үштігіне кіреді.

Гиннес рекордтар Кітабына енгізілген (ең жоғары нокауттар проценті бар орта салмақтағы әлем чемпионы).

БИЗНЕС

Гүлжан Молдажанова

Әлемнің ең ықпалды әйелдерінің бірі – қазақстандық Гүлжан Молдажанова. «Forbes» іскерлік журналының тізімінде 37-орынды иеленіп, тізімде АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Лора Бушты, Ұлыбританияның патшайымын және бірнеше президенттерді басып озған. Өзінің мансаптық жолын кеңседегі хатшы ретінде бастаған. Бүгінгі таңда ол «Базовый 53

элемент» ірі ресейлік қаржылық-өндірістік компаниясын басқарады. Қазақстанның ең бай әйелдерінің бірі болып саналады.

Әділжан Қалиев

2011 жылы малайзиялық бизнесмендерменынтымақтастықты бастап, еліміздің мал шаруашылығы саласына қо-мақты инвестиция салды, сауда палатасын ашты.

Тікелей шетелдік инвестициялар Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуын іске асырудың маңызды көзі болып табылатыны белгілі.

Әлімжан Қалдияров

«Omega International holding»-тің бас директоры және «Ордабасы Инвест» компаниясының негізінқалаушылардың бірі. Әлімжан «Басқалар ұйықтап жатқанда оқы; басқалар демалып жатқанда жұмыс істе; басқалар ойланып отырғанда іске кіріс» принципін ұстанады. Ол өзінің энергиясын басқалармен бөліседі және «жаңаша өмір сүруге» шабыттандырады. 54

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі түсініктері мен ұғымдары

Кіріспе

Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасының «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақстандықтардың менталитетінің са­палы тұрғыдан өзгеру стратегиясын ашып көрсетеді. Сондай-ақ осы жылдың 12 сәуірінде жарыққа шыққан бұл мақала 2017 жылдың 31 қаңтарынан бастау алған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы, сонымен қатар 2017 жылдың 10 наурызында жарияланған билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойын­ша конституциялық өзгертулер жобасымен бірге президенттік мәтіндердің үштігін құрап отыр.

Президенттің Бағдарламалық мақаласы жаңа саяси лексиканы қолданысқа енгізіп отыр. Мұнда жаңа түсініктер мен ұғымдық мәндер, сонымен қатар бұрындары қолданылған, бірақ жаңа үлгіде ұсынылып отырған ұғымдар пайдаланылған. 55

Осы орайда Президенттің бағдарлама-

лық мақаласын ілгерілетуде аталмыш мақаланың мәні мен мазмұнын жете және тереңінен түсіну үшін негізгі және тірек түсініктерді қарастырып өту керек.

Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі түсініктері

мен ұғымдары

Ұғым және мәндік құрылым

Түсіндірме

Жаңғыру (модернизация)

Модерн сөзінен аударғанда заманауилықты, аграрлық қоғамнан индустриалды типке көшу үрдісін білдіреді. Модернизацияның теориялары аясында кеңінен қарастыратын болсақ, «модернизация» дәстүрлі қоғамның немесе өтпелі кезеңдегі қоғамның белгілі бір қабылданған оңды өзгерістер шкаласы бойынша анағұрлым озық елдердің деңгейін қуып жетуді білдіретін барлық дамушы әлеуметтік өзгерістердің синонимі ретінде түсініледі.

XXI ғасырдың жағдайындағы модернизация көмір сутекті экономикадан сандық технологиялар, баламалық және жаңартылып отыратын энергия көздеріне негізделген жаңа технологиялық тәртіпке өтуді білдіреді. Жалпыөркениеттік және әлеуметтік-мәдени